18.02.2020 ж.
«Ғасырлық тарихы бар өлке айнасы»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің алғашқы санының жарық көргеніне 100 жыл толуына орай «Ғасырлық тарихы бар өлке айнасы» атты кездесу кеші өтті. Кездесу кешіне «Прикаспийская коммуна» газетінің тілшісі Анжелика Михайловна Ким және Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Журналистика» факультетінің студенттері және №38 мектеп-гимназияның жоғарғы сынып оқушылары қатысты.
Өз кезегінде шара қонағы «Прикаспийская коммуна» газеті редакциясының тілшісі Анжелика Ким – газетті өркендетуге үлес қосқан редакторлар И.П.Свербихин, И.Н.Свидин, Ф.Н.Перов, Л.М.Монастырская, В.М.Шигаев туралы тамаша естелік әңгімелер айтты, сондай-ақ «Прикаспийская коммуна» газетінің көтеріп жүрген мәселелерін тілге тиек етті.
Мақсаты: Оқырмандардың зерттеу дағдылары мен ақпараттық сауаттылығын дамыту, сонымен қатар журналистика мамандығына және гезет оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.