КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

25.05.2022 ж.

«Иман және отбасы тәрбиесі»

              Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында жас ұрпақты имандылыққа баулу мақсатында «Иман және отбасы тәрбиесі» атты  Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің бас имамы  Алтынбек Ұтысханұлымен кездесу кеші өтті. Кездесу кешіне Атырау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге  көмек орталығынан психолог Нұрбекова Салтанат Темиргалиқызы, теолог Бағытжанов Жасұлан Берікұлы, психолог Фатима Самирова мен кітапхана оқырмандары қатысты. Кездесу барысында «Иманғали»  мешітінің бас имамы  Алтынбек Ұтысханұлы бүгінгі қоғамдағы жастар арасындағы  өршіп бара жатқан түрлі жағымсыз қылықтар жөнінде  айтып, жаман әдеттерден аулақ болуды және дұрыс бағытпен жүруді, отбасындағы ата-ананы құрметтеуді, баланы имандылыққа тәрбиелеу, ата-бабамыздың ұстанып келе жатқан ислам дінін уағыздап ынтымақ пен бірлікке шақырды. Шарада оқырмандар  өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын имамға  жолдап, толымды жауаптар алынды.

Дін туралы түсінік беретін «Дін және тәрбие» атты бейнеролик көрсетіліп, «Иман және отбасы тәрбиесі» кітап көрмесі оқырмандарға насихатталды.

Мақсаты:  Жас ұрпақ бойына жалпы дін туралы ұғым түсініктерін кеңейтіп, ислам діні, имандылық туралы көзқарастарын дұрыс қалыптастыру. Имандылыққа, рухани тазалыққа тәрбиелеу.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=528089332194478&id=100011441407475&m_entstream_source=timeline

 
 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер