09.01.2020 ж
«Қазақстан-2050: Рухы биік Мәңгілік ел»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада «Қазақстан-2050: Рухы биік Мәңгілік ел» атты атты кең көлемде кітап көрмесі жасақталып, оқырмандар назарына ұсынылды. Кітапханашы Айбарша Рахметова оқырмандарды кітап көрмесімен таныстыра отырып, «Сарайшық», «Ахмет Яссауи кесенесі» (2011), сияқты халыққа кеңінен танымал орындар туралы кітаптар, Қазақстанның мәдени құндылықтарын дәріптейтін, өзіндік мазмұны бар ескерткіштер туралы Ж.Бейсенбайұлының «Ұлы даланың ежелгі тарихының этномәдени төркіндері» (2017), «Мәңгілік ел - Қазақстан» (2017), «Қазақстан халқының өнері» (2017), «Зергерлік өнер әлемі Т.1,2» (2017), Н.Назарбаевтың «Мәңгілік ел. Ғасырға бергісіз жылдар» (2014), «ХХІ ғасыр әлемі» (2013), «Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасу тарихы» (2008) атты кітаптардағы мәліметтерді әңгімесіне арқау етті.
Мақсаты: Жаңа тарихи кезеңдерге жан-жақты ақпарат бере отырып, рухани жаңғыру арқылы болашаққа деген өзінің парасатты пікірлері мен көзқарасын білдіру.