14.07.2021 ж.
«Қыз бала – ұлттың болашағы»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылына орай «Парасат жолы» орталығы аясында «Қыз бала – ұлттың болашағы» атты ақпараттық сағатын оқырмандар назарына ұсынды.
Қазақ халқы ертеден қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән берген. Қазақ халқының әдет – ғұрып, салт – дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт – берекесі екенін ұғындырып, әдептілікке, сыпайылыққа инабаттылыққа, мол мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеуге тырысқан.
Мақсаты: Ұлт болашағы - қыз бала тәрбиесі туралы әдебиеттерді оқырмандар арасында кеңінен насихаттау.