“Как завоевывать друзей и оказывать влияние на людей“
Кітапханада американдық психолог, педагог, жазушы Дейл Карнеги “Как завоевывать друзей и оказывать влияние на людей“ атты пікірталас ұйымдастырылды.
Америкалық педагог, психолог, жазушы Дейл Карнегидың туғанына биыл 125 жыл. Осыған орай ұйымдастырылған пірталаста жазушының өмірі мен шығармашылығы сөз болды. Жазушының өздігінен жетілу туралы көптеген психологиялық курстары бар. Дейл Карнегиден көп нәрсе үйренуге болады. Оның кітаптарды бүгінгі таңда да ерекше сұранысқа ие. Дейл Карнеги әлемде жаман адамдар болмайды, тек күресіп жеңуге болатын келеңсіз жағдайлар ғана болады деген. Бұл келеңсіздіктер үшін өзіңнің және өзгенің көңіл-күйін құртудың қажеті жоқ деген әдемі сөздерді де айтқан ұлы тұлғалардың бірі.
Кездесу кешіне Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Шет тілдерді оқыту әдістеме кафедрасының аға оқытушысы педагогика ғылымдарының магистрі Мұхан Таңшолпан, тәлімгер Туленова Гүлзада және 1 курс студенттері мен «Literature in Mind» клуб мүшелері қатысып, жазушы туралы пікірлерімен бөлісті.