КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

02.08.23

«Өлеңмен ел-жұртына маржан таққан»

 

Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Ғафу Қайырбековтың туғанына 95 жыл толуына орай «Өлеңмен ел-жұртына маржан таққан» атты библиографиялық шолуды оқырмандар назарына ұсынады.         

Ғафу Қайырбеков 1928 жылы 15 тамызда Қостанай облысы, Торғай қаласында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген. Қазақ мемлекеттік баспасында поэзия редакциясын басқарды, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі болды. 1968 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясында жетекшілік етті. 1973-1989 жылдары «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары қызметін атқарды. Өмірінің соңына дейін Қазақстан Жазушылар одағының ақындар қауымдастығының президенті болды. 

Оқырмандар назарына Ғ.Қайырбековтың «Таулар сөйлейді» 1960, «Алғашқы асу» 1964, «Қанатты жылдар» 1973, «Көсемнің нұрлы атымен» 1970, «Беласар» 1, 2-ші том 1978, «Туған топырақ» 1985, «Күн теңескен» 1986, Екі томдық шығармалар жинағы. 1, 2-ші том 1988, «Алыс та жақын жағалау» 2006, Көп томдық шығармалар жинағы 2012 және т.б. шығармалары ұсынылды.

Мақсаты: ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Ғафу Қайырбековтың өмірі мен шығармаларын кеңінен  насихаттау.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=619645086967777&id=100067668725855&eav=AfbjQvmXtZSXGL3lWXwxhcJZj_PvUlDTeOoU2uKzd4sx3B4gFxCRsAfkNVYbGojKEZQ&m_entstream_source=timeline&paipv=0

 
 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер