КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

21.10.22

«Әлем таныған Республикам менің»

 

       

Ғ.Сланов атындағы ғылыми әмбебап  кітапханасында 25 қазан Республика күніне орай «Әлем таныған Республикам менің» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақпараттық сағат өткізілді. Көрмеге Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің I-IV курс студенттері қатысты.

Ағымдағы жылдың шілде айында Ұлттық құрылтай отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні мерекесін және оның ұлттық мереке ретіндегі мәртебесін қайтару қажеттігін мәлімдеді. Ол 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданғанын еске салып, бұл біздің еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадам болғандығын атап өтті.

Қазақстан Республикасы күніне арналған бұл иллюстрациялық кітап көрмесі Қазақстанның даму тарихын көрсетеді. Кітапхана оқырмандарымен әңгіме барысында кітапханашы ҚР тәуелсіздігінің қалыптасуының негізгі кезеңдерін, оның жетістіктерін, Қазақстан Республикасының дамуына үлес қосқан тұлғалардың еңбегі туралы баяндады. Қазіргі кезде біздің еліміз жаңару үдерісінен өтті және бүкіл әлемде құрметке ие, өйткені біздің еліміздің бейбіт, көпвекторлы саясаттағы және оның тұрақтылығындағы жолы қазақстандық шындықтың басты өзегін құрайтын қоғамдағы бейбітшілік, бірлік пен келісімде жатыр. Кітапханашы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жаңа жағдайда: қолданылу кезеңі» атты үш томдық кітаптарын оқырман  назарына ұсынды. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл кітаптарында баяндамалар, сұхбаттар мен мақалалар жинақталған. Ел өміріндегі маңызды оқиғалар, Президент бастаған реформалар мен өзгерістер, ел дамуының эволюциялық және жасампаз жолы, жаңа Қазақстанның құрылуы, елдің мүмкіндіктері, Қазақстанның  жарқын жолы оқырмандарға өзінің  оқиғалар шежіресі мен алдағы реформалар түрінде ұсынылады. Сонымен қатар оқырмандар назарына Әуелбек Әнуарбектің «Болашаққа қолдан Қазақстан», Байтасов Азаматтың «Бәсекеге қабілеттілік», «Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мәселелері», «Мен - Қазақстан азаматымын», «Қазақстан Республикасы: саяси жаңғыру» кітаптары ұсынылды. Бұл кітаптарда Қазіргі Қазақстан тарихының өзекті мәселелері және Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси оқиғалар мен қазақстандық қоғамды жаңғырту мәселелері қарастырылған.

Мақсаты: өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу. Оқырмандарға аса маңызды тарихи оқиғалар мен экономикалық даму жолдарын, қазақстандық қоғамды жаңғырту туралы ақпарат беру. Тарихты білуді және өз Отанына деген сүйіспеншілікті дамыту.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=443883757877245&id=100067668725855&eav=AfZKQ6lsuDpbITbDbFSm1lRBCP4dW6yIUfsTRFUjWd5iTm9qpXprft7B2hxi9tZXjzU&paipv=0

 
 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер