Әлем таныған байтақ елім
Бүгін М.Өтемісов атындағы академиялық қазақ драма театрында 25 қазан Республика күніне орай мерекелік салтанатты шара өтті.
2022 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін қайтаруды ұсынып, «ұлттық мереке» мәртебесін беріп, Қазақстанның басты мейрамы ретінде атап өту туралы бастама көтерді. Тоқаевтың бастамасы халықтың қолдауына ие болып, дәл сол жылы заңға тиісті өзгеріс енгізілді. Сөйтіп Қазақстан халқы ұзақ жылдар бойы атаусыз қалған Республика күнін қайта тойлауда.
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының кітапханашылары келген қонақтарға «Әлем таныған байтақ елім» атты кітап көрмесін таныстырып, насихаттады.
Ұлттық мереке қарсаңында елдің дамуына үлес қосып жүрген, белсенді қоғамдық қызметімен танымал азаматтар түрлі марапаттармен марапатталып, салтанатты шара сазды бағдарламамен жалғасты.