3.09.2021 ж.
«Өлке тарихының тарланы»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай тарих ғылымдарының докторы, Қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Табылдиев Хисмет Бозанұлының туғанына 85 жыл толуына орай «Өлке тарихының тарланы» тақырыбында библиографиялық шолу ұйымдастырылып, кітап көрмесі ұсынылды.
Оқырман назарына ұсынылып отырған кітаптарда Атырау облысы өңірінің төл тарихынан бастап, қазірге дейінгі тарихы сипатталады. Соның ішінде Ұлы Отан соғысы тарихын терең зерттеген. Оған дәлел үш томдық «Боздақтар» (Атырау,1995,1996,2000 ж), «Атырау облысы отты жылдарда» (1941-1945 ж.ж.), «Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толуына орай тарихы мен жылнама шежіресі» ( Атырау,2014ж). Білікті тарихшы,өлкетанушы Табылдиев Хисмет Бозанұлының ғылыми зерттеу еңбектері 12 томдық «Үлкен Казақ Кеңес энциклопедиясында»(Алматы, 1982ж), Атырау облысының төл тарихы «Атырау» энциклопедиясында жарияланды (Алматы, 2000ж). Монографиялық еңбектері мен кітаптары «Ақтандактар ақиқаты» ( Атырау,1998), «Кіші жүз руларының тарихы мен шежіресі (Алматы,1994), «Сауатсыздықтан білім шыңына» (Алматы,1997), «Өзгерген өмір жаңарған өңір» еңбегі, Атырау облысының құрылғанына 70 жыл толуына орай тарихы мен жылнама шежіресі (Атырау,2008), «Атырау қаласының тарихы» (Алматы,2018), «Атырау облысының тарихы» (Атырау,2019) деген атпен жарық көрді.
Мақсаты: Белгілі ғалым, көрнекті тарихшы, профессор Табылдиев Хисмет Бозанұлының еңбектерін кеңінен насихаттау арқылы өлке тарихы туралы әдебиеттерді оқуға қызығушылығын қалыптастыру .
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1674722482919116&id=100011441407475