6.11.2019 ж.
«Ұлт санасын ұлықтаған қызмет»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында 8 қараша - статистика күніне орай «Ұлт санасын ұлықтаған қызмет» деген тақырыпта кітап көрмесін ұсынылды. Кітапханашы оқырмандармен сұхбат барысында статистика саласы арқылы әрбір қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуын, статистикалық деректер арқылы бүкіл мемлекеттік құрылыстың тыныс-тіршілігін, құлдырау кезендерін және олардың нақты себептерін айқын көруге болатынын айтты. Сонымен қатар, статистиканың жалпы мазмұны мен мәні, статистикалық әдістері туралы айтылған Қ.Жолаеваның «Статистика» («Фолиант», 2014), Ы.Әміреұлының «Статистиканың жалпы теориясы» («Экономика», 1998) және орыс тілінде И.Елисееваның «Моя профессия - статистик» («Финансы и статистика», 1991), А.Садыкованың «Статистика» («Фолиант», 2007) кітаптарын және «Государственная статистика Казахстана: принципы организации и развития статистической деятельности» («Алматы», 2006) т.б. әдебиеттерді таныстырды.
Мақсаты: Статистика саласы туралы әдебиеттердінасихаттау, оқырмандардың осы салаға қызығушылығын қалыптастыру.