«Ұлттық валюта - мақтанышым»
Егеменді Қазақстан үшін бұл күннің маңызы зор, өйткені, ұлттық валюта Конституциямен, Туы және Елтаңбасымен қатар кез келген мемлекеттің тәуелсіздігінің маңызды атрибуты болып қана қоймай, мемлекеттің тарихын, мәдениетін, тұрмысын және дәстүрін нақтылайтын «визиттік карточка».
Айтулы күн аясында руханят ордасында 15 қараша – Ұлттық валюта күніне орай «Ұлттық валюта - мақтанышым» атты кітап көрмесі жасақталып, ақпарат сағаты өткізілді. Шараға Х.Досмұхамедов атындағы Университтетің Көптілді білім беру факультетінің 1 курс студенттері қатысты. Кітапханашы теңгенің тарихы, төл валютамыздың алғаш пайда болуы, өзгеруі және түрленуі, теңгенің айналымға енуі туралы жан-жақты ақпарат берді.