КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

20.04.2022 ж.

«Ұлтымыздың Ұлы ұстазы»

 

 

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Ұлтымыздың Ұлы ұстазы» атты ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған оқушылар сайысы өтті.

Сайысқа №41 мектеп гимназиясы, Жапақ Қаражігітов атындағы №16 мектеп лицейі, Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің 7-сынып оқушылары қатысты. Оқушылар топқа «Шамшырақ», «Сұңқар» және «Жас қыран» деген атау қойып, өздерін таныстырып, сайыс барысында ерекше белсенділік танытты.

Сайыс 3 турдан тұрды. 1 тур «Білгенге маржан» деп аталатын сұрақ-жауап сайысы. Бұл сайыста Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығынан сұрақтар қойылды. 2 тур «Қырық мысал ғибратын ұғынайық» деп аталды. Қатысушы топтар әділқазылар алдындағы 3 мысалдың біреуін суыру арқылы берілген мысалдың мән-мағынасын ашып түсіндіріп өтті. 3-тур. «Ойлан, тап» деп аталды. Бұл турда әр топ өздері талқылаған мысал бойынша сурет салды және берілген мысалда кездесетін кейбір сөздерге орыс және ағылшын тілдерінде аударма жасады.

Оның нәтижесінде «Жасқыран» тобы (№41 мектеп гимназиясы) – жүлделі I орынға, «Шамшырақ» тобы (Ғани Мұратбаев атындағы орта мектеп) – II орынға, Сұңқар» тобы (Жапақ Қаражігітов атындағы №16 мектеп лицейі) – III орынға лайықты деп танылды. Интеллектуалдық сайыста көзге түскен оқушылардың барлығы да сыйлықтарға ие болды.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid09axFasJWLZnzKoEQvkv4uM6X5utyb9vzgPvpNENqhXbGr9yoizV91uy3eFvWL9Z6l&id=1699390660302451

 
 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер