16.03.2020 ж.
«Ұлы күні Ұлыстың»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Наурыз мерекесіне орай «Ұлы күні Ұлыстың» атты кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу ұйымдастырылды. Наурыз мерекесінің тарихы мен оның түркі халықтарының мейрамдау ерекшелігі туралы, Наурыз мейрамының ғасырлар бойғы қалыптасуына түркі халықтарының қосқан үлесі мен мұралары, Наурызға қатысты ұғымдар мен рәсімдер, дәстүрлері туралы берілген С.Ерғалидың «Нау мен ырыс» (2011), «Армысың, әз Наурыз» (2012), «Қош келдің, Наурыз!» (1993), «Наурызнама» (1993), Ө.Жәнібековтың «Қазақ киімі» (2005), Қ.Бегмановтың «Халқы мықтының-салты мықты»(2010) кітаптары сондай-ақ, көрмеде қазақ халқының тұрмыстық мәдениеті, салт-дәстүрлері мен ғұрыптарының жаңғыру ерекшелігі туралы сипаттайтын А.Сейдімбектің «Қазақ әлемі»(1997), «Қазақ салт-дәстүрлері (2017), «Салт-дәстүр сөйлейді» (2014), Отбасы хрестоматиясы, «Ата салтыңды аяла» (1998), «Бабаңнан, саған не қалған» (2003), Х.Арғынбаевтың «Қазақ отбасы» (1996) т.б. көптеген кітаптары оқырмандарға ұсынылды.
Мақсаты: Оқырмандарға Ұлыстың ұлы мейрамы боп саналатын Наурыз мерекесінің мейрамдалу ерекшелігі туралы әдебиеттерді оқуға ұсыну, өз мәдениеті мен дәстүрін танып білуге ұғындыру.