20.05.2021 ж.
«Мәдени қызмет - мерейлі міндет»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы әлеуметтік желі пайдаланушылары назарына ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында 21 мамыр- Мәдениет пен өнер қызметкерлері күніне орай «Мәдени қызмет - мерейлі міндет»атты слаид шеру ұсынды. Халыққа рухани-мәдени қызмет көрсетудегі атқарған жұмыстары туралы, өнер адамдарының өсу, шыңдалу ел таныған өнерпазға айналуы барысындағы творчестволық еңбектері жөнінде Ө.Байділдаевтың «Қанатты өнер» (1973), Қ.Боқаевтың «Өнерлі өрге жүзер» (1980), С.Өжкеновтың «Атырау- өнер өлкесі» (1983), «Қазақстан өнері» (1990), «Мәдениетке мәртебе» (2003), О.Райысовтың «Атырау-әнім»(2000), «Қазақстанның мәдени ошақтары» (2012), «Алқалы топтың ажары» (2014) т.б. көптеген кітаптар орын алды.
Мақсаты: Өнер адамдарының өмірі, өнер ұжымдары туралы жан-жақты сипатталған әдебиеттерді оқырмандар назарына ұсыну арқылы мәдениеттілікке тәрбиелеу.