18.05.23
«Мәдениетке – мәртебе» виртуалды кітап көрмесі
Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Мәдениетке – мәртебе» атты виртуалды кітап көрмесін назарларыңызға ұсынады.
Мәдениет пен өнер – өмірдің ажырамас бөлігі, еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Мәдениеті мен өнері өркендеген қоғам әр уақытта ілгерілеп, дамиды. Рухани байлықты дамытуда және мәдени дәстүрлердің дамуы мен сақталуы ісіне мәдениет саласы қызметкерлерінің қосқан үлесі орасан зор.
Сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған кітап көрмесіне ел мәдениетінің қалыптасуына қызмет жасаған танымал тұлғалар, сонымен қатар мәдени-тарихи құндылықтарды сақтауға бағытталған әдебиеттер ұсынылды.