КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

10.08.23

«Әнді сүйсең, менше сүй»атты  әдеби-сазды қонақжай

 

            Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында 10 тамыз – Абай күніне орай «Әнді сүйсең, менше сүй» атты  әдеби-сазды қонақжай өтті. Абай әлемдік мәдениеттің тұлғасы. Сонымен қатар ұлы ақын, ағартушы музыка саласында да мол мұра қалдырды. Абайәнге – өнер, әншіге – өнерпаз деп қарап, екеуіне де үлкен талап артады. «Әннің де естісі бар, есері бар» деп ән мен күйдің тыңдаушыға беретін әсерін баса айтады. Ақынның ән мен күй, әншілік өнер жайлы ой-пікір көтеруі жайдан жай емес. Абай өзі де үлкен өнерпаз, жан-жақты дарын, талай әсем әуезді әндер шығарған композитор.                                                                       

Шараны кітапхана басшысының орынбасары Дәулетқалиева Мейрамгүл Лесқызы ашты. Одан әрі қарай қазақ халқының ұлы ақыны, ғұлама-ойшылы, композиторы, аудармашы Абай Құнанбаевтың өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. Шараға «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» жобасының белсенді зейнеткерлері және кітапханамыздың тұрақты оқырмандары Ғарифолла Әсел, Манарбек Нұрай, Ақмурзаев Гамзат, Рысбай Арайлым, Лукпанова Аль-Азиза, Мұқанов Ренат т.б. қатысты.  «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» жобасының көркемдік жетекшісі Салтанат Мұрасбекқызы Абайдың көпшілік сүйіп тыңдайтын әндері туралы ақпаратпен бөлісті.                                            

            Мақсаты: 10 тамыз Абай күніне орай қазақ әдебиеті тарихында қайталанбас зор тұлға, ұлы ақын, философ Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, Абай әндерін насихаттау.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=623936786538607&id=100067668725855&eav=AfbEhR6wial-wp9VEDYbTkEXlUfXzU5_N3B8W30VXi9hRk376udZ0fXtco4j6sizjx4&m_entstream_source=timeline&paipv=0

 
 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер