01.12.22
«Өнерде өшпес ізі бар»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында композитор, Қазақстанның халық артисі, профессор Ғазиза Жұбанованың туғанына 95 жыл толуына орай «Өнерде өшпес ізі бар» тақырыбында ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Шараға Қ.Дүтбаева атындағы Атырау мемлекеттік гуманитарлық колледжінің студенттері қатынасты. Шара барысында кітапханашы музыканың сан қырлы жанрларында өзін көрсете білген дарын иесі. Заманымыздың тамаша композиторы музыкасы республикамыздан тыс, шет елдерге кеңінен тарап, қазақ өнерін төрткүл дүниеге танытқан Ғазиза Жұбанова туралы мағлұмат берді. Шара соңында Ғ.Жұбанованың «Жыр жазамын жүрегімнен» атты әні оқырмандар назарына ұсынылды.
Мақсаты: Қазақ мәдениетін көркейту жолында зор еңбек сіңірген опера және балеттер, симфония мен поэмалар, оркестрлік және камералық-аспаптық шығармалардың, концерттердің, романс пен әндердің, драмалық қойылымдарға және кинофильмдерге жазылған музыканың авторы Ғ.Жұбанованың өнегелі өмір жолы туралы оқырман қауымға насихаттау болып табылады.