КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

22.02.23

«Оң қол» шығармасын танымалдандыру

Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Төлен Әбдіктің «Оң қол» шығармасы бойынша оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды.

Шараға Қатира Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжінің «Бастауыш сынып мұғалімдері» мамандығының 1/9 м. тобының студенттері мен қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы Ерғалиева Гүлдәурен Бекболатқызы қатынасты.

Төлен Әбдіктің шығармалары видеоролик арқылы оқырмандар назарына ұсынылды. Оның «Көкжиек» 1969, «Күзгі жапырақтар» 1971, «Ақиқат» 1974, «Айтылмаған ақиқат» 1979, «Өліара» 1985, «Таңдамалы» 1991, «Оң қол» 2002, «Парасат майданы» романы 2002, «Әке» 2005 т.б. қазақ әдебиетінің тарихына қосқан өзіндік үлесі бар туындылар.

Жазушы шығармаларының бірден-бір ерекшелігі жеке адамның санасындағы, ойлау жүйесіндегі сан алуан сезімдік, психологиялық, философиялық құбылыстарды суреттей білген. Мысалы «Оң қол» әңгімесінде кейіпкер – Алманың түсі арқылы автор адам санасында үздіксіз жүріп жатқан үдерісті, үрей мен қорқынышты, өмір мен өлім арасындағы арпалысты, жан толғанысын көркемдікпен кестелей білген.

Осы орайда колледж студенттері өз ойларымен бөлісіп, бас кейіпкер Алманың басынан өткен қиын жағдайды талдай отырып, адам жанының құпиясына ой жүгіртіп, пікір таластырды. Дәрігер жігіттің сезімін сынайтын сұлу да, тәкаппар, адал да, ерке Алма ұйқыға ене бастаса-ақ алқымына ұмтылатын оң қолдың опасыздық әрекеті тұқым қуалаған қауіпті сырқат, оны медицинада дененің екіге жарылуы дейді, ал әдебиеттануда адам ішіндегі адам деген тәсілді жазушы тігісін жатқыза пайдалана білген. Шығарма сюжетін берудегі суреткер шеберлігі сондай, әңгімені оқи отырып, көз алдыңда өтіп жатқан кинолента куәгеріндей кейіпкерімен бірге қуанасың, бірге қайғырасың, бірге қорқасың. Бұл сарын қазақ әдебиетіне Төлен Әбдік енгізген жаңалық емес, алайда, жазушы оны өз қырынан дамыта, өрбіте білді.

Мақсаты: Төлен Әбдіктің жазу шеберлігінің жан-жақтылығын оқырмандарға жеткізіп, насихаттау.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=531424155789871&id=100067668725855&eav=AfYOiovF1oHjiSnMNuJ3xZeuVvBso0oFn9Rr8WRvQjB22yo3IF9CdrhhdP4ysQJAG3g&paipv=0

 
 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер