КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

14.06.23

«Қобыз өнерінің пірі» ақпарат сағаты

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында күйші, қобызшы, композитор Ықылас Дүкенұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Қобыз өнерінің пірі» тақырыбында ақпарат сағаты ұйымдастырылды. Аталған шараға Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттері қатынасты. Шара барысында кітапханашы композитор Ықылас Дүкенұлы туралы мағлұмат берді.

Ықылас Дүкенұлы 1843 жылы қобызшылар әулетінде дүниеге келген, туып-өскен жері Жезқазған облысының Жаңаарқа ауданы. Дүние салған жері Жамбыл облысының Сарысу ауданына қарасты «Сарысу» совхозының жері. Ықыластың әкесі Дүкен де, оның әкесі Алтынбек те қобызшы болған адамдар. Ықылас қобыз әуенімен ер жетеді. Ықыластың Алтынбек деген атасы қобызға әуестеніп жүрген бозбала шағында түс көріп, түсінде бір ақ сақалды абыз: «Бұл қобыз сенің жеті ұрпағыңа дарып, желеп-жебейтін болады», - деп аян беріпті деген шежіре сөз бар. Ықылас атақты Қорқыт бабадан кейінгі қобызға тіл бітірген адам. Оның «Аққу», «Асанқайғы», «Бозторғай», «Жез киік», «Ерден», Қаншайым» т.б көптеген күйлері бар. Композитордың  «Кертолғау», «Ерден», «Жалғыз аяқ», «Жарым патша», «Жез киік» сияқты күйлерінде өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-әлеуметтік көріністері бейнеленсе, «Қамбар-Назым», «Айрауық», «Қазан», «Аққу», «Шыңырау» сияқты күйлеріне ел арасына кеңінен тараған аңыз-әңгімелер, қиял-ғажайып оқиғалар арқау болған. Осы күйлердің қай-қайсысынан да композитордың адамға, қоғамға, табиғатқа деген азаматтық тұлғасы, адамгершілік үні айқын аңғарылады. Ықылас – аса көрнекті халық композиторы, көне қобыз күйлерін жаңа биікке көтерген дарынды автор.

Мақсаты: Қазақтың атақты күйші-қобызшысы, композитор, қылқобызда ойнаудың асқан дүлдүл шебері Ықылас Дүкенұлының шығармаларын оқырман қауымға насихаттау.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=593264362939183&id=100067668725855&eav=AfbiOcY9fVeA3oKuFOu4mzJAfdBlbMJBRo2ZWJHnv1kKh1GjuvAB-qCtZMKdAtb45P0&m_entstream_source=timeline&paipv=0

 
 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер