03.04.2017 ж.
Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханада 23-сәуір – Бүкілдүниежүзілік кітаптар және авторлық құқық күні қарсаңында «Ой қазынасы – кітапта» деген тақырыпта кітаптар айлығының салтанатты ашылуы аясында аталмыш тақырыптағы кең көлемдегі кітап көрмесінің тұсаукесері ұйымдастырылды.
Кітап айлығының ашылу салтанатына кітапхананың тұрақты оқырмандары, Атырау индустриалды- құрылыс колледжінің студенттері және Атырау облысы Төтенше жағдайлар Департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары ММ кәсіби даярлық мектебінің тыңдаулшылары қатысты.
Аталмыш кітап көрмесі арқылы жиналған көпшілік қазақ баспаларынан жаңадан шыққан көркем- әдеби, қоғамдық - саяси, пәлсапалық, құқықтық әдебиеттермен танысып, сонымен бірге әртүрлі тақырыптағы әдістемелік - библиографиялық көрсеткіштер туралы мол мағлұматтар алды.