14.02.2023 «Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгерт» психологиялық тренинг Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада «Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгерт» тақырыбында психологиялық тренинг өтті. Ежелгі гректер адамға «өзін-өзі тану» міндетін қойған. Психологтар «адам жанының құпиясына» қандай әдістермен енеді? Тұлға қалай қалыптасады? Өзіңізді қалай жақсартуға болады? Кітапханашылар аталған сұрақтарға Атырау гуманитарлық колледжінің студенттері мен тұрақты оқырмандарды кітапхана қорына түскен жаңа мотивациялық кітаптармен таныстыру арқылы жауап берді. Тренингке шараның басты қонағы, психолог, блогер, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметкері Саудабаева Марта Қуанышқызы қатысты. Ол студенттердің көптеген сұрақтарына жауап беріп, әңгімесінде тұлғааралық қарым-қатынас мәселелерін қозғады, ішкі әлемді, өзін-өзі талдау әдістері туралы атап өтті. Тренингте өзін-өзі тәрбиелеу, өзін және айналасындағыларды түсіну, адамның өзіне деген сенімділігі, өзін-өзі бағалауы мәселелері талқыланды, практикалық ұсыныстар берілді. Психолог іс-шараға қатысушылардың арасында диагностика жүргізіп, қатысушылардың сезімдерін талдады. Іс-шараға Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық педагогикалық колледжінің оқытушылары Мұханбетова Индира Жанболатқызы мен Айдана Қуандыққызы өз студенттерімен бірге белсенді қатысты. Мақсаты: Оқырманның тұлға психологиясы туралы білім қорын кеңейту. Адамның ішкі рухани әлемін жетілдіру. Сәтті қарым-қатынас жасау үшін дағдыларды дамыту. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=526164572982496&id=100067668725855&eav=AfZ20wK82ThHNuf_FesKLqXKC3bgvf8nlJYw39TeIuWgGYcIQDy0GhhtVSw57xChMiY&paipv=0