КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

 1.02. 2022 ж.

«Ойы – көркем, сыны – таразы»

 

 Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының және «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әдебиет сыншысы Тұрсынжан Мұқанұлы Шапайдың туғанына 65 жыл толуына орай жасақталған «Ойы – көркем, сыны – таразы» тақырыбындағы кітап көрмесі бойынша әдеби вернисаж ұйымдастырылды.

           Шара барысында кітапханашы Тұрсынжан Шапайдың  «Ой түбінде жатқан сөз» атты әдеби-сын мақалалар жинағын (А.,1989), «Шын жүрек – бір жүрек» атты әдеби сын зерттеу  эсселер жинағын (А.,1999), Екі томдық «Таңдамалы» кітабын (А., 2017)   оқырмандарға таныстырып өтті.

Мерейгер қаламгердің  шығармашылығы туралы Бағашар Тұрсынбайұлының «Тіл мен жүрек», Айгүл Ісмақованың «Тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиеттану»,  Бексұлтан Нұржекеұлының «Өнер мен өмір» және т.б. басылымдардағы әдебиеттанушы Тұрсынжан Шапайдың   шығармашылығы туралы мағлұматтарды тілге тиек етті.

     Мақсаты: Әдебиет сыншысы Тұрсынжан Шапайдың әдебиеттану саласындағы еңбектерін оқырмандарға кеңінен насихаттау, әдебиетке қызығушылығын қалыптастыру.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=3160313390876830&id=1699390660302451&m_entstream_source=timeline

 
 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер