05.05.23
«Ұранды елдің ұрпағы қайсар» кітап көрмесі
Бүгін Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен 7 мамыр Отан қорғау күніне арналған салтанатты шара өтті.
Аталмыш шарада Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» атты кітап көрмесін қонақтардың назарына ұсынды.
Көрмеге Б.Смағұлдың «Қаһарман», «Қазақтың қара майоры», «Қаһарман Бауыржан Момышұлы» Қ.Аманжоловтың «Қазақстанның әскери тарихы», А.Тасболатовтың «Жоғарғы бас қолбасшы – әскери қауіпсіздік кепілі», «Саптық әмірлер. Рапорттар. Әскерилердің қарым-қатынас сөздері. Строевые команды. Рапорты и обращения между военнослужащими» кітаптары мен мерзімді басылымдар «Тәуелсіздіктің ақтаңы», «Бүркіт», «Қазақстан патриоты» және т.б ұсынылды.
Бұл күн - батыр бабалардың даңқты жолы мен бүгінгі буынның туған елге қызмет ету дәстүрін тоғыстыратын, Қарулы Күштеріміздің ардагерлеріне және еліміздің егемендігі мен ұлттық мүддесін қорғап жүрген, антына адал әскери қызметшілерге құрмет көрсететін мереке. Армия – мемлекеттігіміздің мызғымас тірегі, Тәуелсіздігіміздің кепілі. Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне халқымыздың қауіпсіздігі мен бейбіт өмірі жолындағы мінсіз қызметі үшін ризашылығымызды білдіріп, ержүрек жауынгерлеріміз ел сенімін ақтайды деп сенеміз.