05.12.19 ж.
«Тойымсыздық – жемқорлыққа апарар жол»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Тойымсыздық - жемқорлыққа апарар жол» атты тақырыптық кеш ұйымдастырылды. Шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Департамент басшысының бірінші орынбасары Төлешов Рафаэль Сәлешұлы және ҚР Ұлттық Ұланның №5546 Әскери бөлімінің сарбаздары мен Атырау инженерлік гуманитарлық институтының ұстаздары мен студенттері қатысты. Шара қонағы Рафаэль Сәлешұлы Атырау облысы бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы мағлұмат берді. Оқырмандар өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарына толыққанды жауап алды.
Мақсаты: Оқырмандарға сыбайлас жемқорлық туралы әдебиеттерді насихаттай отырып, құқықтық сауаттылығын арттыру