04.04.2023.
«Саулық кілті өз қолында» ақпараттық сағат
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада 7 сәуір - Бүкіләлемдік денсаулық күніне орай «Саулық кілті өз қолыңда» атты кітап көрмесі жасақталып, ақпараттық сағат өткізілді. Библиографиялық шолу барысында кітапханашы оқырмандар назарына адам баласы өз денсаулығын нығайтуға және өзін - өзі емдеу әрекеттері туралы айтылған Г.Блиновтың «Сау басқа сақина...» («Қазақстан», 1976), Е.Оразақовтың «Денсаулық туралы кеңес» («Ғылым», 1981), Ә.Әмешұлының «Салауатты өмір – денсаулық кепілі» («Білім», 1999), У.Жарқынбайдың «Саулық кілті өз қолында» («Арыс», 2007), сондай-ақ алғашқы оқыған дәрігерлер туралы А.Әлжановтың «Алғашқы қарлығаштар» және дұрыс тамақтану жолдары туралы айтылған И.М.Скурихин мен В.А.Шатерниковтың «Дұрыс тамақтана білесіз бе?» (1988), У.Жарқынбайдың «Ас – адамның арқауы» (2011), сол сияқты қазақтың халық емдері туралы айтылған т.б. әдебиеттерді таныстырды.
Мақсаты: Оқырмандарға осы әдебиеттерді таныстыра отырып, адам денсаулығының басты байлық екендігін түсіндіру, денсаулық негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада дұрыс жүру екенін ұғындыру.