06.04.23
«Соғыста соғыс ерлерше, жан қалмасын ар қалсын»кітап көрмесі
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Соғыста соғыс ерлерше, жан қалмасын ар қалсын» атты тақырыпта, жазушы Қалқаман Әбдіқадыровтың туғанына 120 жыл толуына орай кітап көрмесі мен библиографиялық шолу болып өтті.
Қалқаман Әбдіқадыров (1903-1964) Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келді. 1925 жылы «Сырдария» деген тұңғыш өлеңі «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланады. Осыдан бастап өлең жырлары, әңгімелері республикалық газет журнал беттерінде жиі басыла бастады. Оның «Келес қызы» повесі идеялық көркемдігі жағынан айтуға тұрарлық шығарма ретінде танылады. «Қажымұқан» повесінде қазақ халқының атақты палуаны, классикалық күрестің дүниежүзілік чемпионы Қ.Мұңайтпасұлының өмір жолы қызықты, тартымды баяндалады. Балалар әдебиетін өркендетуге өзіндік үлес қосқан. Өзбек әдебиетінің классигі Әлішер Науаидің таңдамалы өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Ұлы Отан соғысының ардагері. Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.
Кітап көрмесіне автордың «Қажымұқан» 1959, «Қажымұқан» 1981 Қ.Әбдіқадыровтың екінші рет басылып отырған бұл кітабы дүние жүзінің талай әйгілі палуандармен белдесіп, жауырыны жерге тимеген күш атасы Қажымұқан өмірінен кең мағлұмат береді. «Қажымұқан» 1989, Жазушының бұл кітабында «Қажымұқан», «Келес қызы», «Мақташы қыз», «Ақтұяқ», «Амантай» сияқты бір топ әңгімелері еніп отыр. «Қалқаман Әбдіқадыров», «Сапарғали Бегалин» 1989, бұл кітапта «Қажымұқан» және «Шоқан асулары» повестері берілген.
Қ.Әбдіқадыровтың шығармашылығына жасақталған көрме Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің 9 «б» сынып оқушыларына таныстырылды.
Мақсаты: Жазушы Қалқаман Әбдіқадыровтың шығармаларын көпшілік оқырмандарға кеңінен танытып насихаттау.