17.08.2023 ж.
«Спорт – ел еңсесі, мемлекет мерейі»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада 18 тамыз – Спорт күніне орай «Спорт - ел еңсесі, мемлекет мерейі» атты тақырыпта кітаптар шеруі жасақталды. Оқырмандарға елімізде кең тараған спорт түрлерінен, атақты спортшылар мен жаттықтырушылардың, спорт саласы бойынша ғалымдардың, ұйымдастырушылардың өмірінен мол мағлұмат беретін «Қазақ спортының саңлақтары» («Білім», 2007), А.Құлназаров «Қазақстан – спортшылар елі» («Сөздік-Словарь», 2009), «Қазақ олимпиадашылары» 2-томдық («Ер-Дәулет», 2009), Ө.Жолымбетов «Спорт әлемі» («Сөздік-Словарь», 2010), Ж.Хисымов «Саңлақтар» («Полиграфия», 2010), «Бапкерлік деген-бір ғылым» («Жарыс», 2012), Т.Досмұхамбетов «Намыс сардары» («Жарыс», 2014), «Спорт – ғұмыр» (Алматы, 2014), сондай-ақ жеңіл атлетика, шаңғы, дала жарысы, жүзу, спорт ойындары мен спорт физиологиясының жеке мәселелері туралы айтылған Б.Төтенайдың «Дене тәрбиесі» (Астана, 2012), А.Қыдырмолдинаның «Спорт физиологиясы» (Астана, 2013) және т.б әдебиеттерді таныстырды.
Мақсаты: Оқырмандарға спорт тарихы, дамуы мен қазіргі жағдайы туралы мағлұмат беру.