19.08.2021 ж.
«Спорт – салауаттылық кепілі»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Спорт күніне орай «Спорт – салауаттылық кепілі»атты онлаин ақпараттық сағат кітап көрмесі жасақталып, оқырмандар назарына ұсынылды.
Шара барысында оқырмандар назарына кітап көрмесінен орын алған Қазақстан спорты туралы, белгілі спортшылардың ізденістері, спорттағы жетістіктері жайындағы басылымдар, атап айтқанда, А.Винокуровтың «Менің алтын мансабым» (2013), «Спорт әлемі» (2010), А.Құлназаровтың «Қазақстан- спортшылар елі» (2009), Т.Досмұхамбетовтың «Намыс сардары» (2014), Т.Теменұлы «Жайықта туған жампоздар» (2012), Ж.Хисымовтың «Саңлақтар» (2010), Т.Қасымұлының «Атың барда жер таны» (2009), «Қазақ олимпиадашылары» жинағының 1 - томы (2009) тағы басқа кітаптар орын алып және мерзімді басылымдар беттеріндегі материалдар, әр жылдардағы «Спорт жұлдыздары» журналы ұсынылды. Шара қонағы Қазақстанның спорт шебері, каратэдан Әлем Кубогының иегері, Муай-тай сайысының бүкіл әлем кубогынан күміс жүлдегері, Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы Болат Избасханов спортты серік ету туралы үндеу тастап,өзі тәрбиелеп отырған шәкірттерінің жетістіктеріне тоқталды.
Мақсаты: Көк туымызды желбіретіп, ел мақтанышына айналып жүрген спортшыларымыздың жетістіктерін насихаттау арқылы жастарды спортқа қызығушылығын қалыптастыру.