5.11.2020 жыл.
«Статистика- қоғамдық ғылым»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы статистика күніне орай «Статистика – қоғамдық ғылым» атты тақырыпта онлайн кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітапханашы оқырмандармен сұхбат барысында статистика саласы арқылы әрбір қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуын, статистикалық деректер арқылы бүкіл мемлекеттік құрылыстың тыныс-тіршілігін, құлдырау кезендерін және олардың нақты себептерін айқын көруге болатынын айтты. Сонымен қатар, статистиканың жалпы мазмұны мен мәні, статистикалық әдістері туралы айтылған Қ.Жолаеваның «Статистика» («Фолиант», 2014), Ы.Әміреұлының «Статистиканың жалпы теориясы» («Экономика», 1998) және орыс тілінде И.Елисееваның «Моя профессия-статистик» («Финансы и статистика», 1991), А.Садыкова «Статистика» («Фолиант», 2007), « Государственная статистика Казахстана: принципы организации и развития статистической деятельности» («Алматы», 2006) т.б. әдебиеттерді таныстырды.
Мақсаты: Статистика саласы туралы оқырмандарға кеңінен насихаттау.
https://www.facebook.com/1699390660302451/posts/2818702738371232/