06.06.23
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» ақпаратты сағат
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты ақпаратты сағат өтіп, кітап көрмесі таныстырылды. Экономикалық, саяси, құқықтық және идеологиялық сипаттағы жаһандық өзгерістер жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес проблемасы Қазақстан Республикасында өткір және саяси маңызға ие. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев атап өткендей, әділетті Қазақстан ең алдымен, әділеттілікті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күресті білдіреді. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелеріне үлкен көңіл бөлінеді.
Шараны іс тәжірибеден өтушілер, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 2 курс студенттері Бағытжанова Ләззат пен Даниярова Ақзат жүргізді. Қатысушы студенттер ойларын анық жеткізіп, өздерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы екенін жеткізді. Олар жемқорлықтың басты нышаны адамнан басталатынын, адам өзінің адамгершілігін бірінші орынға қою керек екенін атап өтті.
Мақсаты: Сыбайлас жемқорлықпен күресу, заң тәртібін ұстанатын азаматтарды тәрбиелеу.