07.12.22.
«Сыбайлас жемқорлықпен күрес»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің департамент басшысы Қаражанов Жәнібек Жұмабайұлының Атырау Сервис колледжінің студенттерімен және кітапхана оқырмандарымен кездесуі өтті. Іс-шара 9 желтоқсанда атап өтілетін Халықаралық сыбайлас жемқорлық күніне орайластырылған. Маман қатысушыларға сыбайлас жемқорлық фактілері туралы айтып, өзекті жағдайлар мен жауапкершілік түрлерін қозғады, сыбайлас жемқорлықтың саяси және әлеуметтік зияндылығын ашты.
20-30 жыл ішінде барлық салада жоғары жетістіктерге қол жеткізген дамыған ел - Сингапур экономикасы сыбайлас жемқорлыққа жол бермейтін және ашық елдердің бірі ретінде оның инновациялық дамуына ерекше назар аударылды. Жәнібек Жұмабайұлы жастарға Сингапур Республикасының бұрынғы премьер-министрі Ли Куан Юдың кітабын оқуға кеңес берді. Өз сөзінде бұл кітап арқылы, қысқа уақыт ішінде елдің бұрын-соңды болмаған өркендеуіне қол жеткізетін реформалары туралы айтылғандығына тоқталды. Іс-шараға қатысушылар Атырау Сервис колледжінің студенттері мен кітапхана оқырмандары әңгіме барысында тақырып бойынша өздерін қызықтыратын сұрақтар қойды.
Шара барысында иллюстрациялық кітап көрмесі ұйымдастырылды, онда оқырмандар назарына: Е.Алауханованың «Сыбайлас жемқорлықпен күрес», С.Т.Кемелбековтың «Сыбайлас жемқорлықты қылмыс құрамдарында көзделген бағалылық белгілері», А.А.Смағұловтың «Сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес проблемалары», И.Ш.Борчашвили «Проблемы противодействия по уголовному законодательству РК» және т.б кітаптар ұсынылды. Кітаптарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар, сондай-ақ заңды түрде өмір сүру қажеттілігі туралы тақырыптар қамтылған.
Мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық іс-қимыл әдістері туралы кітаптарды насихаттау.