Төкпе жырдың төресі
Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық академиялық драма театрында зар заман поэзиясының көрнекті өкілі Мұрат Мөңкеұлының 180 жылдығына арналған «Төкпе жырдың төресі» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Ел тәуелсіздігін аңсап, халықтың бүгіні мен кешегі күндерін салыстыра жырлаған. Халықты бірлікке шақырып, ел үшін күресуді талап еткен айтыскер ақын, ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан төкпе жырау Мұрат Мөңкеұлының асыл мұрасын насихаттау мақсатында «Ұлт тарихының тұлғасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мұрат – халқына сүйеніп қана қоймай, жұртын, ата-қонысты қызғыштай қорыған күрескер. Көрмеде ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған еңбектері оқырман қауымға насихатталды.