9.03.2023
«Төле бидің қасиеттері мен өсиеттері» кітап көрмесі
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында қазақ халқының атақты үш биінің бірі – Төле бидің туғанына 360 жыл толуына орай «Төле бидің қасиеттері мен өсиеттері» атты кітап көрмесі жасақталды. Шараға №37 С.Зиманов атындағы мектептің оқушылары мен Х.Досмұхамедов атындағы университет студенттері қатысты.
Төле би – қазақ тарихында аса маңызды іс-әрекеттерімен бағаланатын атақты шешен, ірі қоғам және мемлекет қайраткері, қазақ халқының бірлігін қалыптастырып, нығайтуға зор үлес қосқан әйгілі үш бидің бірі. Он бес жасынан ел билігіне араласқан, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен ерекше көзге түскен. Атақты Қаз дауысты Қазыбек, әйгілі Әйтеке билермен бірге Тәукені хан етіп сайлауға қатысады. Ел – жұртының тыныштығын көздеп, салиқалы саясат жүргізе білген көреген көсем туралы «Бүтін билікке Төле би жеткен» деген сөз бар. Әз Тәуке ханның «Жеті жарғысын» жасауға қатысып, «Билер кеңесінің» мүшесі болған. Қазақ хандығының тұтастығы жолында күрескен Төле би өз заманындағы зерделі де сауатты қайраткер болған. Оның әділдігіне, парасаттылығына тәнті болған жұрты «Қарлығаш би» деген ат қойған. Бұлай аталуы туралы аңыз да сақталған.
Мақсаты: Оқырмандарды қазақ халқының бұрынғы сот төрелігі, билік айту жүйесімен таныстыру, қазақ билерінің өмірі, олардың тарихта алатын орны, өнегелі істері жайында мәлімет беру.