20.02.2020 ж.
«Түркіден қалған тектілік»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада өңірімізге белгілі өлкетанушы, Қазақ ССР нің еңбек сіңірген мұғалімі, күллі саналы ғұмырын Сарайшық орта мектебінде білім беру ісіне, сондай-ақ Сарайшық музейіндегі ғылыми жұмыстарға арнаған Жанұзақ Ғизатовтың «Түркіден қалған тектілік» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Шараға Еңбек ардагері, «Шапағат» медалінің иегері Сүйеуғали Сүлейменов, ардагер журналист, Т.Амандосов атындағы сыйлықтың иегері Нұрлан Қабылов, өлкетанушы, Қазақстан республикасының мәдениет қайраткері Аманғали Әміржанұлы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі Әбілхан Төлеуішев, сондай-ақ, тарих және қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің тарих мамандығының студенттері және Жанұзақ Ғизатовтың ұрпақтары қатысты.
Қоғам қайраткері, Атырау облысының Құрметті азаматы Қатимолла Ризуанов пен журналист, тарих ғылымдарының кандидаты Қылышбай Сүндетов, ақын, ҚР мәдениет қайраткері Жеңіс Аронов, жазушы Төлеген Жаңабайұлы және автордың кластасы Амангелді Қапаров авторды құттықтап, автордың жаңа кітабы туралы пікірлерін айтты.
Шара мақсаты: Өлкетанушы Жанұзақ Ғизатовтың «Түркіден қалған тектілік» атты жаңа еңбегін қалың оқырманға ұсыну, оқырмандардың өлке тарихын оқуға қызығушылығын қалыптастыру.