15.11.22 ж
«Тәуелсіз елдің айрықша белгісі»
Ғ. Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада 15 қазан - Ұлттық валюта күніне орай «Тәуелсіз елдің айрықша белгісі» тақырыбында кітап көрмесі және зияткерлік-танымдық сағат ұйымдастырылды. Шараға кітапхана оқырмандары Қ.Дүтбаева атындағы колледж студенттері мен мектеп оқушылары қатысты.
Ұлттық валюта – Ту, Елтаңба және Әнұран сияқты мемлекеттіліктің атрибуты. Әр ел өз егемендігінің нышанын валютасымен көрсетуге ұмтылады. Яғни, ұлттық теңгемізді ұлттық құндылық ретінде бағалап, егемендігіміздің айрықша белгісі ретінде мақтаныш сезімімізді жүрегімізге ұялата білу – бәріміз үшін парыз. Шара барысында кітапханашы Айман Ізденқызы ақшаның пайда болуы, адамзаттың дамуындағы қолданылуы, қазіргі өмірдегі рөлі туралы жалпы түсінік беріп, егемен Қазақстанның тұңғыш банкноты – теңгенің шығу тарихына кеңінен тоқталды. Оқырмандарға Қазақстан валютасының пайда болу тарихы бойынша бірқатар сауалдар қойылып, тұжырымды жауап алынды.
Мақсаты: Экономикалық білім негіздерін қалыптастыру. Экономика саласындағы кітаптармен танысу. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы туралы мәлімет беру.