18.11.2021 ж.
«Тамыры терең төл тарих»
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында бүгін Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының Руханият залында «Тамыры терең төл тарих» тақырыбында тарихи- танымдық сағат болып өтті. Шараға №40 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімдері және жоғары сынып оқушылары қатысты.
Шара қонағы, кітапхананың тұрақты оқырманы, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Мәңгілік ел» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі тарих ғылымдарының докторы, профессор Ахмет Аққали Қабижанұлы осы тақырыпқа байланысты Алтын Орданың өрлеуі мен куйреуі, әлеуметтік-қоғамдық құрылысы, Алтын Орда дәуіріндегі мәдениеті туралы, сондай –ақ ұлттық рух туралы мәселелер төңірегінде оқырмандарға терең тарихи мәлімет беріп, кеңінен түсіндіріп берді.
Шара соңында «Алтын Орда: тарих пен тағылым» атты кітап көрмесін өнертану әдебиеттері бөлімінің кітапханашысы Орынбасарова Ұлмекен Сержанқызы таныстыра отырып, кітапхана қорындағы Алтын Орда тарихынан сыр шертетін кітаптар туралы мағлұматтарды әңгімесіне арқау етті.
Атап айтқанда, қазақ мемлекетінің қалыптасуындағы Алтын Орданың маңызы туралы Жиованни дель Плано Карпинидің «Моңғолдардың тарихы», І.Есенберлиннің «Алтын Орда» / Алматы.1982/, Б.Аяған, Х.Әбжанов, А.Исиннің «Қазақ хандығы тарихы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы» / Алматы, 2011/, Т.Сұлтановтың «Алтын Орда» / Алматы. 2011/, «Қазақ хандығының тарихы» / Алматы. 2008/, Л.Гумилевтің «Көне түріктер», «Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері» І және ІІІ том /Алматы, 2005 ж., 2006 ж./ және «Сарайшық – бабалар мұрасы»/ Атырау, 2015/, Х.Б.Табылдиевтың «Атырау облысының тарихы», /Алматы, 2019/, Ә.Сарайдың «Ноғайлы», /Алматы, 2009/ Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 3 тілде «Ұлы Даланың қорғаушылары. Хранители Великой Степи. A country of great stepe» фотокітап /Құраст. Аяған Б./ Алматы, 2016/ т.б.
Мақсаты: Тарихи әдебиеттерді насихаттай отырып, жастарды отаншылдыққа баулу.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=3104763909765112&id=1699390660302451