03.12.2020 ж.
«Туған өлкемнің қасиетті жерлері»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада «Туған өлкемнің қасиетті жерлері» атты онлайн этнографиялық шолу ұйымдастырылды. Оқырмандар назарына ҚР Тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында жазылған Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының қасиетті орындары мен кешендері, киелі жерлері мен табиғи ландшафт ескерткіштері, ел тұтқасы болған тарихи тұлғалары енгізілген «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясы II томы (Астана, 2018), «Атырау қазақтарының эпиграфикалық ескерткіштері» I-Том(Атырау, 2017),II-Том (Атырау, 2018), Х.Б.Табылдиев «Атырау қаласының тарихы»(Алматы, 2018), Х.Б.Табылдиев «Атырау облысының тарихы» (Алматы, 2019), Сондай – ақ, «Отырар» энциклопедия(Алматы, 2005), «Көне Тараздың қазынасы»(Алматы, 2008) кітаптары ұсынылды.
Мақсаты: Туған жердің қасиетті орындары мен киелі жерлері, тарихи тұлғалар туралы мәліметтерді қамтитын әдебиеттерді оқырман қауымға насихаттау.
https://www.facebook.com/1699390660302451/posts/2842992045942301/