КҮНТІЗБЕ 2025
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

31.05.2021 ж.

«Замана зұлматы»

 

         Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында «Парасат жолы» орталығында 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Замана зұлматы» атты кітап көрмесі жасақталып, онлаин кездесу ұйымдастырылды.

      Шараға тарих ғылымдарының докторы, профессор, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Қазақстан Халқы Ассамблеясы Институтының директоры Кыдыралина Жанна Уркинбаевна «Zoom» платформасы арқылы тікелей байланысқа шығып, қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезең жайлы және сол кезеңдегі солақай саясаттың құрбаны болған қазақ зиялылары туралы толық мәлімет берді. Кітапхана оқырмандарымен тікелей байланысқа шығып, қуғын-сүргін құрбандарын және ашаршылық жылдарын еске алу күніне байланысты көптеген мағлұматтарды әңгімесіне арқау етті. Сондай-ақ, қосымша сұрақтарға да нақты жауап беру барысында ел үшін құрбан болған Алаш арыстары туралы айтты.

Кітапханашы София Мусагалиева  оқырмандармен жүргізілген әңгіме барысында кітап көрмесінен орын алған  жазықсыз жапа шегіп, елінің азаттығы жолында жанын құрбан еткен азаматтардың өмір жолы, әдеби-публицистикалық еңбектері, таңдамалы шығармалары, сонымен бірге зұлмат жылдар тарихы туралы  «Қазақ қалай аштыққа ұшырады» (1997) кітабы, Ә.Бөкейхановтың «Шығармалары» (1994), С.Әсіптің «Қазақ қасіреті» (1994), «Қатерлі дерт, қалжыраған халық» (1998), Т.Омарбековтың «20-30- жылдардағы Қазақстан қасіреті» (1997), «Зобалаң» (1994), Х.Сейткемеловтың  «Шұбырынды қанды босқын» (1993), К.Адырбекұлының «ХХ ғасыр: Соңғы репрессия» (2006) т.б. көптеген әдебиеттерді ұсына отырып, көптеген мағлұмат берді.

         Мақсаты: Ел тарихын тереңірек білуге жастардың қызығушылықтарын тудыруға бағытталған әдебиеттерді насихаттау, отаншылдыққа баулу.

https://www.facebook.com/1699390660302451/posts/2972201193021385/

 
 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер