КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

02.02.2023

«Өзгерген өмір, жаңарған өңір»

 

 Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Атырау облысының құрылғанына 85 жыл толуына орай «Өзгерген өмір, жаңарған өңір» атты тақырыпта деректі фильм көрсетілді. Деректі фильмде Атырау облысының – қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан Республикасының ірі индустриалды аудандарының бірі екендігі, облыс экономикасын дамытудың басым бағыттары – мұнай-газ өндіру өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі, өңдеу, агроөнеркәсіп және балық салалары салалармен қатар аудан жетістіктері туралы көрсетілді.

Атырау облысы – Батыс Қазақстанда орналасқан, аграрлы-өнеркәсіптік инвестициялық аумақ, 1938 жылы Гурьев облысы деген атымен құрылған. 1992 жылы қазіргі атауына ие болды. Солтүстігінде Батыс Қазақстан облысымен, шығысында Ақтөбе облысымен, оңтүстік-шығысында Маңғыстау облысымен және батысында Ресейдің Астрахан облысымен шектеседі. Сондай-ақ оңтүстік шекарасы Каспий теңізіне келіп тіреледі. Облыс орталығы – Атырау қаласы. Облыс құрамына 7 аудан кіреді. Жылыой ауданы, Индер ауданы, Исатай ауданы, Қызылқоға ауданы, Құрманғазы ауданы, Мақат ауданы, Махамбет ауданы.

Мақсаты: Облыс тарихын кеңінен насихаттау.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=517728470492773&id=100067668725855&eav=Afb4C2ibaxEGJLVHbopejlCOMDDtNZJ-coG16wl8MceHumtsUi7NSX29K7KcCXQQD7I&paipv=0

 
 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер