27 мамыр
Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденовтің туғанына 85 жыл толуына орай Атырау мемлекеттік университетінің профессоры ҚР Үздік өлкетанушысы Амангелді Шамғоновтың «Жұмекенмен өткізген жарқын күндер» атты онлаин естелік сұхбатты ұсынды.
Сұхбат барысында кітапханашы Байешева Ғалия бірнеше сұрақтар қою арқылы ақынмен өткен қайталанбас сәттері туралы мәнді –мағыналы ақпарат алмасты. Пікір алмасуға қойылған сұрақтар:
1. Ж.Нәжімеденовпен бірге өткізген сәттеріңіз туралы айтып берсеңіз..
2. Алматы оқып жүргенде Жұмекенмен кездестіңіз бе?
3. Жұмекен тек қана ақын емес, проза жанрында да қалам тербегені туралы айта кетсеңіз..
4. Ж. Нәжімеденов есімін ұлығылап, есте қалдыру мақсатында облыс көлемінде қандай іс-шаралар жүзеге асты?
Осы шараға байланысты «Қазақ жырының тұңғиығы» тақырыбымен кітап көрмесі жасақталды. Көрмеге ақынның шығармалары және оның шығармашылығы туралы сыни кітаптар қойылды. Мақсаты: Жұмбақ ақын Жұмекеннің жырларын қалың оқырмандарға кеңінен насихаттау.
https://www.facebook.com/1699390660302451/posts/2670700033171504/