03.12.2021 ж.
«Жаңғырудың жаңа жолы»
Ғ. Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Жаңғырудың жаңа жолы» тақырыбындағы кітап көрмесінің таныстырылымы ұйымдастырылды. Кітап көрмесін таныстыру барысында кітапханашы Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның жеткен жетістіктері туралы және қарқынды дамуы туралы әдебиеттермен таныстыра отырып, көптеген мағлұматтарды әңгімесіне арқау етті.
Кітап көрмесінен «Тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері» (2011), «Тәуелсіз Қазақстан шетел сарапшыларының көзімен» (2011), «Тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихы: оқиғалар жылнамасы» (2010) сол сияқты, М.Мәжитовтың «Тәуелсіздік рухымен» (2004), Ә.Нсанбаевтың «Тәуелсіздік. Демократия. Гуманизм» (2011), «Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасу тарихы» (2008) т.б. орын алды.
Мақсаты: Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасай отырып, жастардың жарқын болашаққа сенімін қалыптастыру.