16.03.2022 ж.
«Жан еді, өлең үшін дара туған»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында ақын Төлеген Айбергеновтың туғанына 85 жыл толуына орай «Жан еді, өлең үшін дара туған» атты тақырыппен кітап көрмесі жасақталып, өлеңдер шеруі ұйымдастырылды.
Ақын өлеңдерінің жыр шеруіне Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Көптілді білім беру факультетінің декан орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Н.А.Атаханова мен 2 курс студенттері А.Жаймұханова, Ә.Сәрсекова, Ж.Болатқызы, П.Әлібекқызы қатысып ақынның «Ана», «Адамдар», «Сағыныш», «Өмір» өлеңдерін, осы университеттің физика- математика және ақпараттар технологиясы факультетінің 1курс студенті Төлемісов Саят М.Шахановтың «Айбергенов шыңы» атты өлеңін, №34 мектеп-гимназиясының қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Кемалиева Айнагүл Қылышқызы 10 шы сынып оқушыларымен қатысып, ақынның «Туған дала», «Сыр бойында», «Туған еліме» өлеңдерін оқыды. Абай атындағы Атырау қаласының оқушылар орталығының бұқаралық бөлім меңгерушісі, орыс тілі үйірме жетекшісі Амирова Гулсим Сериковна шәкірті, Қ.Сәтбаев атындағы №19 орта мектептің 6 сынып оқушысы Лукпанова Альазиза ақынның «Өсіп келе жатырмын» өлеңін мәнерлеп оқып берді.
Мақсаты: Ақын Төлеген Айбергеновтың шығармаларын насихаттай отырып, оқырмандардың поэзияға қызығушылығын қалыптастыру.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=3194283720813130&id=1699390660302451&paipv=1