10.11.22
«Жарқын бейне»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында жазушы, драматург Садықбек Адамбековтің туғанына 100 жыл толуына орай «Жарқын бейне» атты кітап көрмесіне әдеби шолу жасалды.
Садықбек Адамбеков 1922 жылы 15 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Қараспан ауылында дүниеге келген. Қызылорда пединститутында дәріс алғаннан кейін, 1945-1968 жж. жазушы-журналистік қаламын «Оңтүстік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газетінде және қазіргі «Жұлдыз», «Ара - Шмель» журналында қызмет атқара жүріп ұштайды.
Қазақ сатирасы саласында өзіндік орны бөлек Садықбек Адамбеков сатира жанрындағы фельетон, памфлет, пьесаларды дүниеге келтірген. Ол қазақ әдебиетіндегі тұңғыш сатиралық романның авторы. Әдетте сатиралық шығармада кейіпкерлердің бірыңғай күлкілі жәйттері оқиға арқауына айналып, жағымсыз мінез құлықтар бейнеленуші еді. Ал мына «Атылған қыз туралы аңызда» Шынтас бейнесі адал да өнерлі жан болып, сабыр салмағымен өзгелерден биік тұрады. «Қожанасыр қақпасы» деп аталатын екінші томында 90-ға жуық фельетон, әңгімелері және «Шоқбикенің шатағы», «Оһх, жүрегім» комедиялары енген. С.Адамбеков алуан тақырыптарды қамтиды. Ол адамдардың мінез құлқындағы құбылыстарды оқыс өзгеріс, тосын жәйттерді шебер тауып, ойда жоқ шешімдермен түйін тастап отырады.
Кітап көрмесіне Садықбек Адамбековтің «Атылған қыз туралы аңыз» 1982 ж., «Қожанасыр қақпасы» 1989 ж., Автордың өмірі мен шығармашылығы жайлы: Ж.Алтайбаев – шығармалар жинағы 2011 ж., З.Қабдолов – шығармалар жинағы 2014 ж., М.Ысқақ – «Көңіл күнделігі» 2015ж., К.Әмірбек – «Сөйле десең, сөйлейін» 2015 ж., Т.Орманов – «Ертегі өмір» 2016 ж., Ғ.Ахметчин – «Күндіз жұлдыз көрінсе» 2016 ж., Ж.Әбдіраш «Құлпытас» 2017 ж., М.Рәш «Жадымда қалған жайсаңдар» 2020 ж., шығармалары оқырмандар назарына ұсынылды.
Мақсаты: Тұңғыш сатирик Садықбек Адамбеков жайлы туындыларды оқырмандарға ұсынып, кеңінен насихаттау.