10.06.2021 ж.
«Жеңіл өнеркәсіп – экономиканың даму кепілі»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің күніне орай «Жеңіл өнеркәсіп- экономиканың даму кепілі» атты онлайн ақпараттық хабарламаны ұсынды. Кітапханашы оқырмандарға жеңіл өнеркәсіптің негізгі салалары туралы және одан өндірілетін бұйымдар туралы мағлұмат берді. Оқырмандар назарына мақта-мата, зығыр, жүн, былғары, аң терісінен жасалатын бұйымдарды өндіру жұмыстары туралы айтылған «Жүннен жасалатын бұйымдар» (1990), «Өз үйім-өлең төсегім» («Қайнар»,1993), С.Қасимановтың «Қазақ халқының қолөнері» («Қазақстан»,1995), С.А.Жолдасбекованың «Костюм тарихы» («Триумф», 2007), Ж.Зайдуллин «Қол өнері – ел өнері» («Ағатай», 2014) атты әдебиеттерді және орыс тілінде Г.Архиповтың «Технология кожи» (1988), В.Корнееваның «Художественная штопка» («Высшая школа», 1988), Л.Орлованың «Азбука моды» («Просвещение», 1988), «Промышленная технология одежды», «Справочник обувщика» (1988) А.Труханованың «Основы технологии швейного производства» («Высшая школа», 1987) және т.б. әдебиеттер ұсынылды.
Мақсаты: Оқырмандарға жеңіл өнеркәсіптің негізгі салалары туралы және одан өндірілетін бұйымдар туралы түсінік беру, жеңіл өнеркәсіптің әр түрлі салалары туралы кітаптарды оқуға ұсына отырып, осы мамандыққа қызығушылықтарын қалыптастыру.