Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Жемқорлықпен күрес – баршаға ортақ міндет» атты тақырыпта ақпаратты сағат пен кітап көрмесі жасақталды. Экономикалық, саяси, құқықтық және идеологиялық сипаттағы жаһандық өзгерістер жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес проблемасы Қазақстан Республикасында өткір және саяси маңызға ие болды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев атап өткендей, әділетті Қазақстан ең алдымен, әділеттілікті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күресті білдіреді. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелеріне үлкен көңіл бөлінеді. Көрмеге қойылған кітаптар студенттер мен мемлекеттік қызметкерлерге және көпшілік оқырманға арналған. Сонымен қатар көрмеге заң оқулықтарымен қатар көркем публицистикалық атап айтқанда Кемел Тоқаевтың «Таңдамалы», Сүлеймен Мәметтің «Ар алдында», Мырзакелді Кемелдің «Өзіме сабақ» кітаптары қойылды.
Мақсаты: Сыбайлас жемқорлықпен күресу, заң тәртібін ұстанатын азаматтарды тәрбиелеу.