- Толығырық
- Категория: УСЛУГИ БИБЛИОТЕКИ
- 210 рет қаралды
Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарлама туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы № 1116 Қаулысын негізге ала отырып, кітапханада «Құқықтық ақпарат орталығы» 2010 жылдың мамыр айында ашылды.
Орталықты ұйымдастырудағы мақсат - Қазақстан заңнамасын түсіндіру жұмыстарын жүргізу; мемлекеттік қызметшілердің және жалпы халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру; түсіндіру жұмыстарында жаңа ақпараттық технологияларды, оның ішінде әлемдік «ИНТЕРНЕТ» жүйесін қолдану және құқықтық оқыту жұмыстарын жүргізу.
Құқықтық ақпарат орталығы – кітапханананың ақпарат-библиографиялық бөлімінің құрылымдық бөлімшесі, яғни кітапхана пайдаланушыларына кешенді қызмет көрсетуде, халыққа құқықтық ақпарат ресурстарын пайдалануда білікті іске асыруда көмек көрсету.
Құқықтық ақпарат орталығы кітапхананың басқа құрылымдық бөлімшелерімен, жоғарғы, орта оқу орындарының заң факультеттерімен, «Параграф» анықтама жүйесімен, мекемелер және ұйымдармен тығыз серіктестікте әрекет етеді.
Орталықтың қызметі Ғ.Сланов атныдағы ОҒӘК Жарлығымен, қазіргі Ережемен «Кітапхананы пайдалану ережесі», «Құқықтық ақпарат орталығының пайдалану ережесі», кітапхананың ішкі тәртіп ережелерімен сәйкес жүзеге асырылады.
ОРТАЛЫҚТЫҢ РЕСУРСТАРЫ
- «Параграф» анықтамалық жүйесі, ай сайын жаңартылады;
- Құқықтық тақырыптағы анықтамалық басылымдар;
- Құқықтық мерзімді басылымдар;
- «Құқықтық авторефераттар» ЭК;
- Интернет желісіндегі құқықтық ресурстар;
- Пайдаланушыларды құқықтық ақпаратқа электрондық түрінде еркін кіруге қамтамасыз ету;
- Нормативто-құқықтық актілерді іздеуге көмектесу;
- Пайдаланушыларды МБ-мен жұмыс жасауға өз еркімен пайдалануға кеңес беру;
- Құқықтық жаңа әдебиеттер және «ҚР-ның заңдарындағы жаңалықтар» бюллетендері арқылы пайдаланушыларды жаңа түскен құжаттар туралы хабардар ету;
ОРТАЛЫҚТЫҢ КӨРСЕТЕТІН ҚЫЗМЕТІ
ҚҰҚЫҚТЫҚ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ
Жалпы ереже.Орталықтың ресурстары. Орталықтың негізгі қызметі. Орталықтың міндеттері.
Орталықтың жұмыс жасау уақыты 9.00 –дан 18.00-ге дейін
e-mail:
- Толығырық
- Категория: УСЛУГИ БИБЛИОТЕКИ
- 1309 рет қаралды
Ғабдол Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап
кітапханасы жұмысын пайдалану ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1.1. Кітапхананы пайдалану ережесі ҚР Конституциясы, «ҚР Мәдениет туралы» заңы, «ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігінің кітапхананы пайдалану ережелерінің жүйесі» және «Ғабдол Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жарғысы негізінде әзірленді.
1.2. Кітапхана кітап қорындағы кітаптарды, қолжазбаларды, аудио-бейнежазбаларды және басқа басылымдарды қоғамдық пайдалануды ұйымдастырушы мәдени, ғылыми-ақпараттық мекеме болып табылады.
1.3. Кітапхана өзінің қорын пайдалануды, сақтауды, толық және тиімді жинақтауды қамтамасыз ете алады, мүмкіндігіне қарай, қоғамның экономикалық, саяси-әлеуметтік және рухани өркендеуіне көмек береді, қоғам мүшелерін ақпаратпен қамтамасыз ету үшін жағдай жасайды.
1.4. Кітапхана қоры - Қазақстан Республикасының біріккен кітапхана қорының негізгі бөлігі және мемлекеттің меншігі болып табылады.
2. Кітапхананы пайдаланушылардың міндеттері мен құқықтары
2.1.Оқырмандар құқығы:
2.1.1. Барлық азаматтар, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар кітапхана қызметін пайдалануға құқылы.
2.1.2. Әрбір 16 жасқа толған азамат кітапхана оқырманы болып табылады.
2.1.3. Оқырман билетін алу үшін кітапханаға тіркеледі, ол үшін оқырманның өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы, егер куәлігі өзгерген жағдайда оқырман кітапханаға хабарлауы тиіс.
2.1.4. Оқырман кітапханаға жазылу кезінде кітапхана қызметін қолдану ережесімен танысып және оларды орындау міндетін тіркелу карточкасында және оқырман формулярында қол қоюымен растауы қажет.
2.1.5. ҰОС ардагерлері мен қатысушыларына, мүгедектер және оларға тең азаматтарға, Атырау қаласының құрметті азаматтарына кітапханада кезектен тыс қызмет көрсетіледі.
2.1.6. Оқырман бір жылға берілетін құжат-оқырман билетімен кітапхана залдары мен қорларын пайдалануға құқылы
2.1.7. Оқырман абонемент арқылы кітаптарды үйге алып пайдалануға құқылы.
2.1.8. Оқу залдарындары қорындағы кітаптарды тек залда отырып пайдаланады;
2.1.9. Оқырман билеті жоқ азаматтар кітапханаға бір рет кіру үшін қолында паспорты немесе жеке басын куәланыратын құжаты болуы тиіс. Мұндай оқырмандарға «жазылмаған» деген белгімен бір реттік пайдалану қағазы беріледі.
2.2.Оқырмандар тең құқылы:
2.2.1. Еркін таңдап оқу мүмкіндігі, уақытша үйде қолдану немесе оқу залында кітапхана қорынан дайындалу кезінде құжаттарын алуға, сонымен қатар белгіленген тәртіп бойынша кітапханааралық абонемент, ақпараттық-библиография бөлімі қызметін және т.б. кітапхана көрсететін кызмет түрлерімен пайдалануға;
2.2.2. Кітапхана ұйымдастыратын шараларға қатысуға;
2.2.3. Өз еркімен кітапхананың материалдық базасын нығайтуға жәрдем жасауға, кітапхананың тұтас немесе жекелеген жұмыстарына, көпшілік шараларға демеуші бола алады.
2.3. Оқырман міндетті:
2.3.1. Кітапханаға кіргенде сырт киімі мен сөмкесін киім ілгішке тапсыруға, бағалы заттары мен ақшасын қалдырмауға, ұялы телефонын өшіріп қоюға міндетті;
2.3.2. Кітапты пайдаланар алдында мұқият қарап алуға, жыртылған не бүлінген жерін байқаса, дер кезінде кітапханашыға көрсетуге, керісінше жағдайда өз мойнына алуға;
2.3.3. Кітапханаға кіргенде, деректерді алғанда және кітапхана қызметін талап еткенде оқырман билетін көрсетуге, егер оқырман билетін жоғалтып алған болса, кітапхана қызметкеріне айтуға;
Кітапхана қорынан алынған кітаптарды ұқыпты ұстауға, олардың сақталуына көңіл бөліп, сызбауға, белгі қоймауға, оқу залынан алып кетпеуге, белгіленген мерзімде қайтаруға;
2.3.4. Ашық қорлардың тәртібін бұзбауға, каталогтар пен картотекалардан карточкаларды шығармауға;
2.3.5. Қоғамдық тәртіпті және кітапхана ішінде тазалықты сақтауға және басқа оқырмандардың сақтауын қадағалауға, кітапхана мүлкіне ұқыпты қарауға;
2.4. Оқырмандарға рұқсат етілмейді:
2.4.1. Басқа адамдарға өзінің оқырман билетін немесе бақылау қағазын беруге;
2.4.2. Кітапханаға сырт киіммен, қолшатырмен, портфельмен, іші көрінбейтін пакеттермен және үлкен сумкалармен, азық-түлікпен, фотоаппаратпен, магнитафонмен т.б. кіруге;
2.4.3. Деректерді және басқа материалдарды : суреттер, микрофильмдер, микроафишалар, аудио-бейне кассеталар, үнтаспалар, СD-RОМ-дар және т.б. кітапханаға алып кіруге;
2.4.4. Каталог пен картотекада карточкаларды суырып алуға, оларға белгі салуға және ашық кітап көрмелеріндегі кітаптардың орналасу тәртібін бұзуға.
2.4.5. Кітапхана ішінде шылым шегуге, дауыстап сөйлеуге, күлуге және т.б.
2.5. Оқырмандар жауапты:
2.5.1. Кітап қорына зиян келтірген азаматтар ҚР «ҚР Мәдениет туралы» заңына және осы Ережеге сәйкес кітапхана алдында жауап береді.
2.5.2. Оқырман тарапынан кітапхана қорындағы баспа шығармаларына зиян келтірілсе немесе жоғалса, сол немесе ұқсас басылыммен ауыстырады, ауыстыра алмаса, кітапхана белгілеген баға бойынша, он есе нарық құны мөлшерін төлейді.
2.5.3. Егер оқырман тарапынан кітапхана Ережесі сақталмаса, онда кітапхана қызметін пайдалану құқынан айырылады:
3. Кітапханашы міндетті:
3.1. Әр азаматқа оқырман құқын толық қолдануға жағдай жасауға, кітап қоры, көрсетілетін қызмет түрлері туралы ақпарат беруге;
3.1.1.Кітапхананың ішкі бөлімдері жұмысы, каталогтар мен картотекаларды пайдалану т.б. жөнінде кеңес беруге;
3.1.2. Оқырман сұранысын керекті әдебиеттер тізімі бойынша іздеуге, кейбір жағдайда жеке тақырыптар бойынша әдебиеттер іріктеуге;
3.1.3. Оқырмандарға қанағаттанарлық деңгейде қызмет көрсетуге, анықтама-библиографиялық қызмет, деректер базасын пайдалана отырып қызмет көрсетуге, жаңа түскен әдебиеттерді жүйелі түрде таныстырып отыруға;
3.1.4. Оқырман сұранысы кітапхана қорынан табылмаса, кітапханааралық абонемент жұмысын пайдалануға, ҚР ҰК Құжаттарды электронды жеткізу қызметі, Қазақстандық Ұлттық Электрондық кітапханаға сұраныс жасау арқылы қанағаттандыруға;
3.1.5. Белгіленген ережелерге сәйкес кітапхана қорындағы құжаттардың сақталуын, пайдаланылуын, тіркелуін, есебін алуды жүргізуді қамтамасыз етуге;
3.1.6. Оқырмандардың қолына берілген басылымдардың өз уақытында кітапханаға қайтаруылуын бақылауға, кешіктірілген жағдайда үйіне немесе жұмыс орнына хабарласуға;
3.1.7. Жыртылған немесе беттері бүлінген баспа басылымдарын қалпына келтіруге, желімдеуге ;
3.1.8. Кітапты оқырман атына жазып бергенде кітаптың бақылау бетшесіне оқырманның тіркелу нөмірін, қай күні тапсыратындығын міндетті түрде жазуға, кітап формулярын алып қалуға;
3.1.9. Кітап қорын үнемі зерттеп, әр кітаптың қанша рет айналысқа түскенін анықтап, талдау жасап отыруға;
3.1.10. Оқырман қолынан келген кітапты тез арада өз орнына қоюға, қордың дұрыс орналасуын тұрақты қадағалауды жүзеге асыруға;
4. Оқырмандарға көрсетілетін қызмет түрлері
4.1. Оқырманға қызмет көрсету оқу залдарында және абонементте жүзеге асырылады;
4.2. Көркем әдебиет абонементінен кітапты үйге 15 күнге беру;
4.3. Дәстүрлі және электронды каталогтар қызметі;
4.4. Жеке тақырып бойынша сұраныстарға әдебиеттер тізімін құрастыру;
4.5. Өлкетану, толықмәтінді деректер базасы мәліметтерін ұсыну;
4.6. ҚР Құқықтық ақпараттық орталықтың «Параграф» ақпараттық жүйесін пайдалану;
4.7. Интернет қызметін, ҚРҰК ҚЭЖ, ҚР ҰАК базасындағы ҚазҰЭК қызметін пайдалану;
4.8. Мекеме, кәсіпорын қызметкерлері мен оқу орындарын студенттеріне топтық экскурсия өткізу;
4.9. Кітапханада аптаның жұма күні-демалыс, әр айдың соңғы бейсенбісі- тазалық күндерінен басқа оқырмандарға күн сайын сағат 10.00.-19.00 дейін үзіліссіз қызмет көрсетіледі.
- Толығырық
- Категория: УСЛУГИ БИБЛИОТЕКИ
- 1492 рет қаралды
>
- Толығырық
- Категория: УСЛУГИ БИБЛИОТЕКИ
- 1238 рет қаралды
ҚР Ұлттық академиялық кітапхана
ҚР Ұлттық кітапханасы
А.С.Пушкин атындағы Оңтүстік Қазақстан ОӘҒК
А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы
Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
Жамбыл облыстық Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы
https://ualihanov-taraz.kz/kk/
Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
Қ.Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапхана
Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап
кітапханасы
М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
http://www.karlib.kz/index.php/kz/
Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық
кітапханасы
- Толығырық
- Категория: УСЛУГИ БИБЛИОТЕКИ
- 768 рет қаралды
Областная научная библиотека им. Н.К.Крупская |