Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі
Бөлім қызметкерлері оқырмандарға ақпараттық және анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетеді. Оқырман әр кезде әдебиеттерді тақырыптық іріктеуде көмек және оған қажетті тақырып бойынша кітап қорында қандай әдебиет бар екендігі туралы нақты жауап ала алады. Сонымен қатар бөлім, әр түрлі мерекелер мен айтулы даталарға арналған библиографиялық көрсеткіштер, атап айтқанда, жыл сайын «Қазақстанда, облысымызда аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі» кітапхана қызметкерлеріне арналған көмекші құрал, ақпараттық парақшалар, дайджестер, жаднамалар құрастырады. «Жаңа кітаптар», «Электронды басылымдар» бюллетенін ай сайын шығарады. Бөлім екі тілдегі мақалалардың жүйелі картотекасын, өлкетану картотекасын (электронды түрде), интернет ресурстарын пайдалана отырып, әртүрлі библиографиялық анықтамалар орындайды. Ұйымдастырылатын тұрақты кітап көрмелері, кітап қорының ең үздік даналарымен, жаңа мерзімді басылымдармен танысуға көмектеседі. Облыс кітапханаларына ақпараттық және анықтамалық библиографиялық қызметті ұйымдастыруда жүйелі түрде әдістемелік көмек көрсетеді.
Қызмет түрлері:
«Параграф» құқықтық анықтамалық жүйе;
«Атырау» - мерзімді басылымдар дерекқорының толық мәтіні;
«Адам құқықтары (заң)» және «Права человека (закон)» мәліметтер
базасы;
Курс, диплом жұмыстары, диссертацияларға тақырыптық іріктеулер және
библиографиялық тізімдер;
Оқырмандардың сұраныстары бойынша тақырыптық тізімдер құрастыру;
«Авторефераттар» қоры (электронды каталог);
Өлкетану саласы бойынша ақпараттық-библиографиялық қызмет;
Жаңа түскен әдебиеттердің ашық қарауын ұйымдастыру;
Нақты тақырып бойынша мамандарды библиографиялық ақпараттандыру;
Бөлім меңгерушісі: Сабирова Құралай Шапағатқызы
e-mail: