Негізгі қорларды сақтау бөлімі
Бөлімнің негізгі міндеті – кітапхана қорын мәдени және ақпараттық мұраның бір бөлігі ретінде сақтау. Бұл міндетті жүзеге асыруда бөлімнің негізгі қызметі анықталып, қорды сақтауға қажетті жағдай жасау жұмыстары ұдайы жүргізілуде.
Бөлім қызметкерлері оқырмандардың ақпараттық сұраныстарына сай кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсетеді. Қызмет көрсету оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі (абонемент) мен оқу залы арқылы, оқырмандардың сұраныс-талаптарына сәйкес қажетті әдебиеттерді жедел түрде жеткізу негізінде жүргізіледі. Бөлімде "Сирек кездесетін кітаптар қоры" бар. Бөлім қызметкерлері ҚазҰЭК-сына ұсынылатын әдебиеттерді іріктейді. Кітап қорындағы сирек әдебиеттерді жинақтайды, кітап көрмелерін жасақтау арқылы насихаттайды. Басым бөлігінің электронды нұсқасы бар.
Бөлім меңгерушісі: Құмарова Балия Смағұлқызы