Кітапханаларды дамыту бөлімі
Бөлім облыстағы мемлекеттік жүйеге қарасты 139 кітапхананың жұмысын үйлестіруші әдістемелік орталық.
Бөлімнің басым бағыттары:
- Облыс кітапхана жүйесінің дамуын болжау;
- Аудандық ОКЖ-лерінің қызметінің мониторингі;
- Ғылыми-зерттеу және баспалық қызметі;
- Озық тәжірибені айқындау, зерделеу және қорыту, инновациялар мен ғылыми зерттеулердің нәтижелерін енгізу;
- Облыс кітапханаларына консультативтік және практикалық көмек көрсету және т.б
Бөлім облыстағы кітапханалар жұмысына бағыт-бағдар беріп, әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыс кітапханаларына іссапарлар ұйымдастырады, кітапхананың сандық және жазбаша мәліметтеріне талдау жасап, әдістемелік-нұсқау хаттар жазумен, әдістемелік құралдар шығару жұмыстарымен айналысады, отандық және дүниежүзі кітапханаларындағы озық тәжірибелерді үйрену, жүзеге асыру шараларын жүйелі түрде жүргізіп отырады, кітапханалар қызметін жарнамалайды, қоғамдық ұйымдар мен мекемелермен өзара іскерлік байланыс орнату жұмыстарына қатысады. Кітапхана ісіне қатысты бағдарламалар жасап, оның жүзеге асырылуына атсалысады.
Бөлім меңгерушісі: Юсупова Шолпан Амангельдиевна
Тел.: 8/7122/ 20-92-96
e-mail: atyraulib@mail.ru