Оқырмандарды тіркеу бөлімі
Бұл бөлімде кітапханаға оқырмандардың жазылу және қайта тіркелу жұмыстары жүргізіліп, оқырмандардың жұмыс кестесіне сәйкес кіруін және шығуын бақылауды жүзеге асырады. Тіркеуде «Оқырмандарды тіркеу» модулімен қызмет атқарылады. Оқырмандардың есептік жазбалары енгізіліп өңделеді, оқырманның суреті мен бірегей штрих коды бар оқырман билеті қалыптастырылып, басып шығарылады. Оқырман билеті оқырманның жасы, жынысы, ұлты, білімі және т.б. бойынша толтырылады.
Электронды каталогтар залы
Каталогтар залы, бұл жерде оқырманға қажетті кітаптар мен басқа да құжаттарға сұраныс қабылданады. Оқырманға кезекші библиографтар көмек көрсетеді. Оқырмандарға анықтамалық-кеңестік қызмет көрсетіліп, кітапхананың электронды каталогы және дерекқорларын ұсынады. Электронды каталогтан ақпарат іздеу және тапсырысты жүзеге асыру жөнінде кеңес беріледі. Оқырмандар сұранысы «Іздеу және тапсырыс беру» модулі бойынша автоматтандырылған тәртіпте, жедел түрде жүзеге асырылады.
Тел.: 8/7122/ 20-93-12 Электронды каталогтар залы